НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЕГЕР СІЗ ДЕРБЕС ПАРАҚШАҢЫЗДЫ ЖАСАЙТЫН БОЛСАҢЫЗ, ДЕРБЕС ПАРАҚШАҢЫЗҒА НЕМЕСЕ «ОК» ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕГІ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ЛИЦЕНЗИАТТЫҢ ПАРАҚШАСЫНА КІРЕТІН БОЛСАҢЫЗ, НЕМЕСЕ ОҒАН КЕЗ КЕЛГЕН МАЗМҰНДЫ ЖҮКТЕСЕҢІЗ НЕМЕСЕ КӨШІРСЕҢІЗ, НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ӨЗГЕ ТӘСІЛМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ПАЙДАЛАНСАҢЫЗ, ОНДА СІЗ СОЛ АРҚЫЛЫ ОСЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДІ АКЦЕПТТЕЙСІЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАРЛЫҚ ШАРТТАРЫМЕН ҚАНДАЙ ДА БІР ШЕКТЕУСІЗ КЕЛІСІМІҢІЗДІ РАСТАЙСЫЗ.

Осы лицензиялық келісім (бұдан әрі – «Келісім») әрі қарай «Лицензиар» деп аталатын «ВК» ЖШҚ мен Әлеуметтік желінің Лицензиаты (бұдан әрі – «Лицензиат») болып табылатын Сіздің араңыздағы қарым-қатынасты реттейді.

Әлеуметтік желіні пайдалана отырып, сіз сондай-ақ https://ok.ru/privacy сілтемесі бойынша орналасқан ОК әлеуметтік желісінің Құпиялылық саясатымен келісесіз.

1. Осы Келісімде қолданылатын терминдер

1.1. Әлеуметтік желі – Интернет желісінде (odnoklassniki.ru немесе ok.ru) мекенжайы бойынша орналасқан және Лицензиатқа сайт, сайттың мобильді нұсқасы, қолданбалар және өзге ресурстар арқылы қолжетімді, ЭЕМ-ге арналған бағдарлама нысанындағы зияткерлік қызмет нәтижесі болып табылатын «Одноклассники» атымен белгілі әлеуметтік желісі. Әлеуметтік желі әлеуметтік желінің функционалын ұйымдастыру түріндегі белгілі бір нәтижені алу мақсатында объективті түрде ЭЕМ мен мобильді құрылғылардың қызметі үшін арналған деректер мен пәрмендердің және туындайтын аудиовизуалды бейнелеулердің (оның құрамына кіретін графикалық кескіндер мен пайдаланушы интерфейсін қоса алғанда) (бұдан әрі деректер мен пәрмендер) жиынтығымен беріледі. Деректер мен пәрмендердің жиынтығы белсенді етілген және белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерден тұрады.

Әлеуметтік желі Интернет ғаламторына қолжетімділік болғанда Лицензиаттарға Дербес парақшалар жасауға және басқа Лицензиаттардың Дербес парақшаларымен танысуға, басқа Лицензиаттар туралы контекстті ақпарат іздеуге, басқа Лицензиаттармен Жеке хабарлармен алмасуға, топтар мен қоғамдастықтар құруға және бұрыннан бар топтар мен қоғамдастықтарға қосылуға, фотосуреттер мен өзге мазмұнды салуға, көшіруге және жүктеуге, Әлеуметтік желінің басқа да функционалдық мүмкіндіктерімен пайдалануға мүмкіндік береді. Деректер мен пәрмендерді (белсенді етілген және белсенді етілмеген) пайдалану құқықтары Лицензиармен осы Келісіммен белгіленген шарттармен Лицензиатқа беріледі.

Әлеуметтік желіні операторлау және қызмет көрсету, оның ішінде техникалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу тек қана Лицензиармен жүзеге асырылады және оның Лицензиатқа құқықтар беру мүмкіндігін қамтамасыз ететін міндеттемесі (осы Келісімнің 5 бабының ережелерін ескерумен) болып табылады. Лицензиаттардың Әлеуметтік желіге қатысуы Лицензиаттың Интернет ғаламторы арқылы қосылуы жолымен интерактивті (онлайн) режимде жүргізіледі. Лицензиар ЭЕМ-ге арналған бағдарлама ретіндегі Әлеуметтік желіге және барлық оның құрамдас бөліктеріне, жеке және жиынтықта алынған, сондай-ақ одан туындайтын аудиовизуалды элементтерге құқықтардың қажетті көлемінің иесі болып табылады, оған Әлеуметтік желіге Лицензиармен орналастырылмаған Мазмұн кірмейді, мазмұнның элементтеріне құқықтар үшінші тұлғаларға тиіс болуы мүмкін. Лицензиар Әлеуметтік желіні пайдалануды, операторлауды және таратуды қамтамасыз ететін тиісті аумақтарда Әлеуметтік желіні пайдалануды, операторлауды және таратуды жүзеге асыруға құқылы.

1.2. Лицензиар – Лицензиатқа айрықша емес лицензия шарттарымен Әлеуметтік желіні пайдалану құқығын беретін және Әлеуметтік желіні көпшілікке мәлімдеу, тарату, операторлау, қызмет көрсету, әкімшілендіруді жүзеге асыратын «ВК» жауапкершілігі шектеулі қоғамы. Лицензиар осы Келісімнің Тарапы болып табылады.

1.3. Лицензиат – осы Келісімді жасасу үшін құқыққа- және әрекетке қабілеттігі бар, Әлеуметтік желінің қатысушысы болып табылатын, осы Келісімге сәйкес осы Келісімнің шарттарымен Әлеуметтік желіні пайдалану құқығы берілетін жеке тұлға. Лицензиат осы Келісімнің Тарапы болып табылады.

1.4. Мазмұн – пайдалану құқығы Лицензиарға, Лицензиатқа немесе өзге тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін, соның ішінде зияткерлік қызметтің нәтижесі болып табылатын, Әлеуметтік желіде орналастырылған дизайн, суреттеме элементтері, графикалық кескіндер, фотосуреттер, скрипттер, мәтіндер, бейнелер, музыка, дыбыстар және басқа нысандар.

1.5. Қолданбалар – Әлеуметтік желі аясында Әлеуметтік желінің негізгі функцияларына қосымша Лицензиатпен пайдаланылуы мүмкін Лицензиармен немесе оның келісімімен үшінші тұлғалармен Әлеуметтік желіде орналастырылған ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар (ойындар, электрондық сервистер және т.б.) немесе олардың элементтері. Лицензиаттың Қолданбаларға қатысуы үшінші тұлғалармен жасалған жеке келісімдермен көзделген шарттар негізінде жүзеге асырылады.

1.6. Дербес парақша – Әлеуметтік желінің Лицензиаттың аккаунтында орналастырылатын ақпараттың бір бөлігін қамтитын бөлімі (оның ішінде Лицензиаттың қалауы бойынша, фотосуреттер, достар, топтар, қоғамдастықтар және өзгелер туралы мәлімет), өзге Лицензиаттарға, сондай-ақ Интернет желісінің өзге пайдаланушыларына танысу үшін қолжетімді. Дербес парақша Лицензиатпен Жеке хабарлармен алмасу, басқа Лицензиаттарды достар қатарына қосу және өзге әрекеттерді орындау үшін қолданылады. Басқа пайдаланушылар үшін Дербес парақшаға қолжетімділік Әлеуметтік желінің қолжетімді функционалы шегінде Лицензиатпен немесе осы Келісімнің шарттарына сәйкес Лицензиармен шектелуі мүмкін.

1.7. Лицензиаттың аккаунты (Аккаунт) – Лицензиарға әрбір Лицензиатты есепке алуға мүмкіндік беретін және бірегей логин және құпиясөз арқылы Әлеуметтік желіні пайдалану құқығын беретін Әлеуметтік желіде тіркелу кезінде жасалатын Лицензиаттың есептік жазбасы. Аккаунтқа қолжетімділік үшін арналған логин мен құпиясөз Лицензиатпен Әлеуметтік желіде тіркелу кезінде өз бетінше белгіленеді және онымен осы Келісімде немесе Әлеуметтік желінің парақшасындағы «Көмек» бөлімінде сипатталған ретпен өзгертілуі мүмкін.

1.8. Жеке хабарлар – бір Лицензиатпен екіншісіне жіберілетін және өзге тұлғаларға қарау үшін қолжетімсіз электрондық хабарлар, оларды жіберу мен алу Лицензиаттың Дербес парақшасын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

1.9. Сыйақы – Лицензиарға Лицензиатқа осы Келісіммен белгіленген шекте белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқығын беру үшін төлем. Сыйақы мөлшері Лицензиармен белгіленеді және пайдалану құқығы Лицензиатқа берілетін белсенді етілмеген деректер мен пәрмендердің көлеміне байланысты.

Әлеуметтік желінің ережелерімен белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқығын алудың өзге шарттары, сондай-ақ оларды пайдалану бойынша шектеулер көзделуі мүмкін. Лицензиат көрсетілген ережелермен Әлеуметтік желінің тиісті бөлімдерінде таныса алады.

1.10. Лицензиялық келісім – Әлеуметтік желіні пайдалану құқықтарын беру туралы лицензиялық шарттың барлық қажетті және елеулі талаптарын, оның ішінде белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді қамтитын, Лицензиар мен Лицензиат арасында жасалынатын осы Келісімнің мәтіні. Осы Келісімнің ажырамас бөлігіне сондай-ақ Лицензиаттың мінез-құлық ережелері немесе Лицензиаттың белгілі бір әрекеттерді жасау ережелері, сондай-ақ Сыйақы төлеу шарттары және Лицензиармен Әлеуметтік желінің тиісті парақшаларында, оның ішінде «Көмек» бөлімінде, сайттың мобильді нұсқасы мен Лицензиардың Қолданбаларын қоса алғанда, орналастырылған Әлеуметтік желіні пайдаланудың кез келген өзге ережелері кіреді.

2. Осы Келісімге қосылу шарттары

2.1. Әлеуметтік желіні пайдалануды бастамас бұрын Лицензиат осы Келісіммен, сондай-ақ Әлеуметтік желінің тиісті бөлімдерінде орналасқан Әлеуметтік желідегі барлық қолданылатын ережелермен және өзге құжаттармен танысуы міндетті.

2.2. Міндетті өрістерді толтырудан және осы Келісіммен танысудан кейін Лицензиат «Тіркелу» немесе сол тәрізді түймеге басу арқылы осы Келісімге қосылады (қабылдайды), ол РФ Азаматтық кодексінің 435 және 438 баптарының мағынасы бойынша Лицензиардың офертасын қабылдау (акцепттеу), сәйкесінше Лицензиатта Келісімнің шарттарын, оның ішінде Әлеуметтік желіде қолданылатын ережелерді сақтау міндеттерін туындататын шартты жасасу болып табылады.

2.3. Әлеуметтік желіні Аккаунтты тіркеусіз, тіркеусіз қолжетімді түрінде және көлемінде нақты пайдалану да осы Келісімнің акцепті болып табылады.

2.4. Әлеуметтік желіде тіркелгенде Лицензиат қолданылатын заннамаға сәйкес, оның ішінде деректерді қорғау туралы заңнаманы сақтау мақсатында, тіркеудің рұқсат етілген жасына жеткенін және/немесе қолданылатын заннамаға толықтай сәйкес барлық қажетті келісімдерді (мысалы, ата-анасының) алғанын растайды, керісінше жағдайда Әлеуметтік желіде тіркелуге және оны пайдалануға тыйым салынады.

3. Келісімнің нысанасы

3.1. Осы Келісім бойынша Лицензиар Лицензиатқа қарапайым айырықша емес лицензия негізінде Әлеуметтік желіні пайдалану құқығын, оның ішінде осы Келісіммен белгіленген шекте белсенді етілген және белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқығын береді.

3.2. Белсенді етілген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқығы Лицензиатқа тегін беріледі.

3.3. Белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқығы Лицензиатқа Сыйақыға беріледі, егер Лицензиармен оны алудың өзге тәсілі көзделмсе.

4. Әлеуметтік желіні пайдалану шектері

4.1. Лицензиат Әлеуметтік желіні келесі тәсілдермен пайдалануға құқылы:

4.1.1. Әлеуметтік желінің функционалын пайдалануға, оның ішінде Аккаунтты және Дербес парақшаны құру жолымен Әлеуметтік желіні қалыптастыруға қатысуға және осындай қатысу барысында ақпарат пен Мазмұнды орналастыру және өңдеу, осы Келісіммен көзделген ережелерді сақтаумен басқа Лицензиаттармен өзара байланыс жасау арқылы Әлеуметтік желінің мазмұны мен Аккаунттың дербес баптауларын өзгертуге;

4.1.2. өз дербес компьютерінің және/немесе мобильді құрылғысының жадына көшірмелеу (жүктеу) арқылы жеке пайдалану үшін Әлеуметтік желінің элементтерін онда орналастырылған ақпарат және Мазмұн түрінде жаңғыртуға. Контенттің элементтері авторлық құқықтардың нысаны немесе басқа Лицензиаттардың немесе үшінші тұлғалардың жеке кескіндері (фотосуреттері) болып табылған жағдайда Лицензиат олардың осындай жаңғыртылуы кезінде осындай тұлғалардың келісімін қосымша алуға міндетті;

4.2. Лицензиатқа тыйым салынады:

4.2.1. төмендегі әрекеттерді жасау үшін тиісті құқық иелерінің рұқсаты болмаған кезде коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсаттарда Лицензиардың, басқа Лицензиаттардың немесе үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарының нысаны болып табылатын Әлеуметтік желінің элементтерін жаңғыртуға, таратуға, өңдеуге;

4.2.2. сайттар жасағанда немесе Интернет желісінде немесе одан тыс кез келген коммерциялық қызмет түрін жүргізгенде Әлеуметтік желі дизайны немесе пайдаланушы интерфейсінің элементтерін жаңғыртуға;

4.2.3. Әлеуметтік желі ішінде/тыс коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсаттарда басқа Лицензиаттардың, осы Лицензиаттардың келісімінсіз, аудиовизуалды бейнеленулерін және есептік жазбаларын таратуға;

4.2.4. Лицензиатқа берілген Әлеуметтік желіні пайдалану құқықтарын сублицензиялық шарт жасасу арқылы немесе басқа тәсілмен Лицензиаттарға немесе үшінші тұлғаларға беруге;

4.2.5. осы Келісімде (5 бөлім) бекітілген Әлеуметтік желіні пайдалану ережелерін бұзуға.

5. Әлеуметтік желіні пайдалану ережелері

5.1. Әлеуметтік желіні пайдалану үшін Лицензиат Аккаунт құру жолымен Әлеуметтік желіде тіркеледі. Әлеуметтік желіге кіру үшін Лицензиатпен бірегей авторландыру деректері – логин мен құпиясөз қалыптастырылады және жариялануға жатпайды, тек қолданыстағы заңнамамен және/немесе осы Келісіммен көзделген жағдайларды қоспағанда. Құпиясөзді жоғалтуға байланысты Лицензиаттың Аккаунтымен алаяқтық және өзге құқықтық емес әрекеттердің жүзеге асырылу қаупін Лицензиат көтереді. Құпиясөздің үшінші тұлғалармен келтірілу мүмкіндігіне жол бермеу үшін Лицензиатқа жеткілікті түрде күрделі құпиясөзді таңдау ұсынылады.

5.1.1. Әлеуметтік желіде тіркелуді және/немесе авторландыруды VK Экожүйесінің құралы болып табылатын VK ID құралын пайдалану арқылы іске асыруға болады. VK Экожүйесі Экожүйеге кіретін пайдаланушылардың, Сервистердің және пайдаланушылар үшін үйреншікті сервистерді пайдалану ыңғайлылығын арттыру үшін арналған мамандандырылған құралдардың өзара байланысының жалпы кеңістігі болып табылады. «В Контакте» ЖШҚ (НМТН 1079847035179, орналасқан жерінің мекенжайы: 191024, Санкт-Петербург, Херсонская көш., 12–14 үй, А лит., беретін VK ID құралы: 1-Н), VK Экожүйесін Пайдаланушымен жасалған келісімдерді орындау мақсатында Пайдаланушыны Сервистерде тіркеуді және (немесе) авторизациялауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, VK Экожүйесінде Пайдаланушы тіркелгісін жасау мен қолдау функцияларын орындайды, Пайдаланушыға VK Экожүйесіндегі тіркелгі деректерін бірыңғай қауіпсіз басқару, сондай-ақ Пайдаланушыға қажетті Сервистерді VK Экожүйесіндегі Пайдаланушының тіркелгісінде іске қосу немесе ажырату функциясын береді. VK ID арқылы Әлеуметтік желіде тіркелу және (немесе) авторландыру https://id.vk.com/terms мекенжайы бойынша Интернет желісінде ашық орналасқан VK Экожүйесінің Пайдаланушы келісімімен және https://id.vk.com/privacy мекенжайы бойынша Интернет желісінде ашық орналасқан VK Экожүйесінің Құпиялық саясатымен, осы Келісіммен және Құпиялық саясатымен келісуді білдіреді.

5.2. Осы Келісімнің лайықты орындалуы мақсатында Лицензиаттың Есептік деректері мен Өзге деректері Лицензиармен https://ok.ru/privacy сілтемесі бойынша қолжетімді ОК Әлеуметтік желісінің Құпиялылық саясатында көрсетілген шарттармен және тәртіпте өңделеді.

5.3. Аккаунтты тіркеуден кейін Лицензиат Аккаунтты, Дербес парақшасын және Әлеуметтік желінің басқа элементтерін Мазмұнмен толтыруға, ұсынылған функционалға сәйкес фотосуреттерді және өзге материалдарды қосуға, қоғамдастықтардың құрамына кіруге және осы Келісімді сақтау шартында Әлеуметтік желіні пайдалану кезінде Лицензиармен ұсынылған өзге функцияларды қолдануға құқылы.

5.4. Лицензиат шарттарды өз бетінше белгілейді және дербес деректеріне саны шектелмеген тұлғаларға қолжетімділік береді, оның ішінде тіркелу және Әлеуметтік желінің стандартты функционалын пайдалану жолымен, сондай-ақ Лицензиатқа Әлеуметтік желі функционалы аясында берілген Дербес парақшасының жекешелік және көріну баптауларын таңдау жолымен. Лицензиар Лицензиаттың осындай таңдауына бастама жасамайды және әсер етпейді, сондай-ақ Лицензиаттан оның дербес деректерін таратуға рұқсат алуды мақсат етпейді. Лицензиат саны шектелмеген тұлғаларға қолжетімділік берген дербес деректердің өңдеуін Лицензиар Келісім негізінде және оның шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

5.5. Бұрын Аккаунтты тіркеген Лицензиаттың Әлеуметтік желіге кіруі әр кез авторландыру рәсімін өту – Лицензиаттың логині мен құпиясөзін енгізу, cookies технологиясын және өзге қолжетімді және Лицензиармен рұқсат етілген тәсілдерді пайдаланумен автоматты түрде авторландыру нәтижесінде электрондық пошта арқылы алынған гиперсілтеме бойынша өту жолымен жүзеге асырылады.

5.6. Егер өзгені растайтын мәлімет болмаса, Әлеуметтік желіде авторландырылған тұлға осындай авторландыру нәтижесінде аккаунтты пайдалану және басқаруға қолжетімділік алған Аккаунттың лайықты пайдаланушысы болып саналады.

5.7. Лицензиатпен Әлеуметтік желіні пайдалану кезінде Лицензиаттың Әлеуметтік желіде автоматты түрде авторлануы, сондай-ақ статистикалық деректерді, оның ішінде Әлеуметтік желіге кіру туралы деректерді жинау мақсатында cookies технологиясы қолданылуы мүмкін.

5.8. Лицензиат браузердің тиісті баптауларын қолдану жолымен cookies технологиясын пайдалануды шектеуге немесе тыйым салуға құқылы.

5.9. Құпиясөздің жоғалуына, Аккаунттың блокталуына байланысты және өзге себептер бойынша авторландыру мүмкін болмағанда, Лицензиат Лицензиардың қолдау көрсету қызметіне хабарласуға немесе Әлеуметтік желінің «Көмек» және өзге бөлімдерінде орналастырылған нұсқауларды ұстануға құқылы. Аккаунтқа қолжетімділікті, Лицензиатты авторландыруды қалпына келтіру тәсілдері Лицензиармен біржақты тәртіппен өзгертілуі, жоққа шығарылуы немесе толықтырылуы мүмкін.

5.10. Лицензиар Әлеуметтік желінің тәулік бойы режимде қызмет етуін қамтамасыз ету үшін коммерциялық тұрғыдан негізделген күш салуға шара қолданады, алайда техникалық ақаулықтарға, профилактикалық жұмыстар жүргізуге қатысты үзілістердің болмауына кепілдік бермейді, сондай-ақ Қолданбалардың толық немесе ішінара жұмысқабілеттілігіне кепілдік бермейді. Лицензиар Әлеуметтік желі немесе оның кез келген элементтері келешекте кез келген нақты уақытта қызмет етуіне немесе жұмысын тоқтатпауына кепілдік бермейді.

5.11. Әлеуметтік желі, оның ішінде барлық скрипттер, Қолданбалар, Мазмұн және оның безендірілуі, мобильді нұсқасы, «іс жүзінде қалай болса, солай» беріледі. Лицензиар Әлеуметтік желі немесе оның элементтері пайдаланудың нақты мақсаттары үшін жарайтынына ешқандай кепілдік бермейді. Лицензиар Әлеуметтік желіні немесе оның элементтерін пайдаланудан ешқандай ерекше нәтижелер алуға кепілдік бермейді және уәде етпейді. Лицензиар Әлеуметтік желіде орналастырылған, оның ішінде басқа Лицензиаттармен орналастырылған Мазмұн мен Қолданбалардың Лицензиаттың өнеге және адамгершілік туралы түсініктеріне сәйкес келуіне кепілдік бермейді.

5.12. Лицензиаттың компьютеріне жағымсыз әсер етуге, Аккаунтқа адал ниетсіз қолжетімділікке, құпиясөзді келтіруге және Лицензиат үшін өзге жағымсыз салдарға жол бермеу үшін Әлеуметтік желіде орналастырылған гиперсілтемелер бойынша өткенде, кез келген файлдарды, оның ішінде бағдарламалық жасақтаманы пайдаланған кезде; Лицензиат Әлеуметтік желіні пайдалану кезінде Мазмұнға, әсіресе басқа Лицензиаттармен орналастырылған Мазмұнға, өзге материалдар мен ақпаратқа қатысты сақтық шараларын ұстануға міндетті.

5.13. Лицензиат Әлеуметтік желіде Мазмұнды орналастырғанда Лицензиарға тек қана Әлеуметтік желінінің қызмет етуі мақсатында ол үшін қажетті тәсілдермен Мазмұнды пайдалану құқығын береді. Лицензиат Мазмұнды Әлеуметтік желіде орналастыру арқылы басқа Лицензиаттарға оны қарау, көшіру (көшіруді қоса алғанда) арқылы тек Әлеуметтік желі ұсынатын функциялар шеңберінде ғана пайдалануға ерекше емес құқықты, сондай-ақ тек мұндай пайдалану авторлық құқық иеленушінің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, жеке, коммерциялық емес пайдалану мақсаты. Лицензиат жеке бетте GIF кескіндерін, сондай-ақ ашықхаттар жасау мүмкіндігі бар Әлеуметтік желінің ашық топтарында фотосуреттер мен GIF кескіндерін орналастыру арқылы әлеуметтік желідегі ашықхаттарды жасау және жіберу үшін басқа Лицензиаттарға осындай фотосуреттер мен GIF кескіндерді пайдалану құқығын береді. Ашықхаттарды жасау функционалдығын басқару туралы қосымша ақпаратты https://ok.ru/help/kak-ogranichit-sozdanie-otkrytok сайтынан табуға болады.

5.14. Лицензиаттың құқық иесінің айқын түрдегі келісімі және/немесе осындай әрекеттерге құқықтардың қажетті көлемі болмағанда, Мазмұнды және Лицензиаттардың, Лицензиардың және өзге құқық иелері-тұлғалардың зияткерлік қызметінің өзге нәтижесін жүктеуге немесе өзге түрде көпшілікке мәлімдеуге (Әлеуметтік желіде орналастыруға, Әлеуметтік желі аясында жариялауға) құқығы жоқ.

5.15. Әлеуметтік желіден коммерциялық мақсатта ақпаратты жаңғырту, көшірмелеу, жинау, жүйелеу, сақтау, беру және/немесе Әлеуметтік желі дерекқорын коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсаттарда алып шығу, немесе оны толық немесе кез келген бөлігінде кез келген тәсілмен пайдалану Лицензиардың келісімінсіз рұқсат етілмейді. Ақпаратты жинау және (немесе) Әлеуметтік желімен өзара байланыс үшін автоматтандырылған скрипттерді (бағдарламаларды, боттарды, краулерлерді және ақпаратты автоматты түрде жинаудың өзге құралдарын) Лицензиардың келісімінсіз пайдалануға тыйым салынған.

5.16. Дербес парақшасын өз бетінше жою жағдайында Лицензиат Дербес парақшасын жою сәтінен бастап 183 күн ішінде қалпына келтіруге құқылы.

5.17. Лицензиаттың Тіркелгіге немесе өзі әкімшісі болып табылатын қоғамдастыққа/топқа Интернет желісінде хабарласу кезінде id реттік нөмірін алмастыратын қысқа (доменге бағынысты) атау беруге құқығы бар. Егер осы Лицензиялық келісімге, қолданылатын заңнамаға және халықаралық құқықтық актілерге сәйкес пайдаланылуына тыйым салынған сөздер мен атауларға, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, әдепсіз сөздерге, тауар таңбалары ретінде тіркелген атауларға (MKTU сыныбына қарамастан), фирмалық атаулар мен коммерциялық шартты белгілерге деген айрықша құқық Лицензиатқа тиесілі болмаса, оларды доменге бағынысты атау ретінде таңдауға болмайды. Осы шарттардың бұзылғаны анықталған жағдайда Лицензиардың Лицензиатқа өзiне берiлген атауды пайдалануға тыйым салуына, соның iшiнде, егер қолданылса, Лицензиат оны пайдалану құқығын тиiстi адамға (құқық иеленушiнiң өкiлiне) беруге құқығы бар.

5.18. 1 (бір) және одан көп жыл ішінде Есептік Аккаунт немесе қоғамдастық/топ пайдаланылмаған (оларда ешқандай әрекет жасалмаған) жағдайда, Лицензиардың парақшаны қысқа (доменге бағынысты) атауын осындай атауды басқа Лицензиаттың өтінішінің негізінде пайдалану үшін босату құқығы бар. Мұндай жағдайда, осындай Аккаунтқа немесе қауымдастыққа/топқа id парақшаның әдеттегі реттік нөмірі тағайындалады.

5.19. Тауар белгісін, фирмалық атауды, коммерциялық белгіні, танымал бүркеншік атты, аты-жөнді/атауды доменге қысқа (бағынысты) атау ретінде пайдаланған жағдайда, Лицензиардың Лицензиаттан осындай атаудың пайдалану заңдылығын құжат түрінде растауды (қолданылатын болса).

6. Лицензиардың құқықтары мен міндеттері

6.1. Лицензиар Әлеуметтік желінің ағымдағы басқарылуын жүзеге асырады, оның құрылымын, сыртқы түрін белгілейді, осы Келісімнің ережелері бұзылғанда Лицензиаттардың Әлеуметтік желіге қолжетімділігіне рұқсат береді немесе шектейді, өзіне тиесілі өзге құқықтарды іске асырады. Лицензиат Лицензиар Әлеуметтік желі аясында орналастырылған Мазмұнның бейнеленуін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың (аудио/бейнеплеердің) функционалдық және техникалық мүмкіндіктерін өз қарауы бойынша, оның ішінде жарнаманы бейнелеу мақсаттары үшін пайдалануға құқылы екеніне келіседі.

6.2. Лицензиаттар арасындағы өзара байланыс мүмкіндігін беруге, оның ішінде Лицензиаттарға Әлеуметтік желі аясында қандай да бір әрекеттерді өз бетінше жасауға мүмкіндік беруге қатысты, Лицензиар Әлеуметтік желіні пайдаланумен осындай технологиялық мүмкіндікті берген тұлға ретінде ғана әрекет етеді. Осындай өзара байланысқа қатысты Лицензиаттармен берілетін ақпаратқа, графикалық кескіндерге және өзге материалдарға Интернет желісі мен Әлеуметтік желінің бағдарламалық жасақтамасы арқылы беру, сақтау және қолжетімділікті қамтамасыз ету Лицензиар тарапынан осындай материалдарды өзгертусіз немесе олардың мазмұнына әсер етусіз жүзеге асырылады.

6.3. Лицензиар Әлеуметтік желіде жарнаманы орналастыру тәртібі, серіктестік бағдарламаларға қатысу және басқасы туралы сұрақтарды өз бетінше шешеді.

6.4. Лицензиар құқылы:

6.4.1. кез келген уақытта Әлеуметтік желінің безендірілуі мен пайдаланушы интерфейсін, оның мазмұнын, Әлеуметтік желінің ұсынылатын функцияларының мазмұнын өзгертуге, пайдаланылатын скрипттерді, бағдарламалық жасақтаманы, Лицензиардың Мазмұнын және Әлеуметтік желіде пайдаланылатын немесе сақталатын басқа нысандарды, кез келген Қолданбаларды және серверлік қолданбаларды, Лицензиатты хабарландырумен немесе хабарландырусыз өзгертуге немесе толықтыруға;

6.4.2. қандай да бір себепсіз және ескертусіз кез келген Мазмұнды, оның ішінде Лицензиардың пікірі бойынша Ресей Федерациясының заңнамасын (қолданылатын заңнамасын), осы Келісімнің ережелерін, басқа Лицензиаттардың немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын және/немесе бұзуы мүмкін, оларға зиян келтіруі немесе зиян келтіруге және/немесе қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін Мазмұнды жоюға;

6.4.3. өз қарауы бойынша кез келген ақпаратты (Лицензиаттың Жеке хабарларын, Лицензиаттың фотосуреттеріне, күйлеріне қалдырылған пікірлерді, өзге ақпарат пен басқа материалдарды қоса алғанда), оның ішінде Лицензиатпен Ресей Федерациясының заңнамасын (қолданылатын заңнамасын) және/немесе осы Келісімнің ережелерін бұзумен орналастырылатын ақпаратты жоюға;

6.4.4. егер қолданылатын заңнамамен өзгесі тікелей көзделмеген болса, кез келген уақытта себептерін түсіндірусіз, алдын ала хабарландырумен немесе хабарландырусыз, Лицензиаттың Әлеуметтік желінің барлық немесе кез келген бөлімдеріне және/немесе Әлеуметтік желінің элементтеріне, дербес парақшасына, Әлеуметтік желінің қоғамдастықтарына, топтарына, Әлеуметтік желінің функцияларына, оның ішінде белсенді етілген және белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерге қолжетімділікті тоқтата тұруға, шектеуге немесе тоқтатуға, Лицензиатпен құрылған қоғамдастықтар мен топтарды жоюға;

6.4.5. өз қарауы бойынша Лицензиаттың Аккаунтын жоюға, оның ішінде Лицензиатпен Ресей Федерациясының заңнамасын (қолданылатын заңнамасын) немесе осы Келісімнің ережелерін бұзатын әрекеттер жасалуы жағдайында;

6.4.6. осы Келісіммен және Әлеуметтік желінің тиісті бөлімдерімен және/немесе Әлеуметтік желінің элементтерімен, оның ішінде Қолданбалармен көзделген шарттармен Лицензиатқа белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқығын ақылы түрде беруге;

6.4.7. Лицензиардан (және/немесе Лицензиардың серіктестерінен/серіктестері арқылы) Лицензиаттарға жарнамалық-ақпараттық немесе жаңалықтық сипаттағы хабарлардың, оның ішінде Әлеуметтік желідегі Қолданбада немесе кез келген өзге тәсілмен e-mail, sms-таратылым, push-хабарландыру арқылы, таратылымын жүзеге асыруға.
Сонымен бірге Лицензиат Әлеуметтік желідегі Пайдаланушының Есептік жазбасы жасалғаннан кейін төмендегілер арқылы кез келген уақытта жарнамалық хабарлардан себебін түсіндірусіз бас тарта алады:
1) Әлеуметтік желінің Қолданбасындағы push-хабарландыруларға қатысты – Пайдаланушының мобильдік құрылғысының баптауларын өзгерту (қажет болса iOS https://ok.ru/help/3/18/4955 немесе Android https://ok.ru/help/3/18/4956 арналған нұсқаулықты пайдаланыңыз),
2) Әлеуметтік желідегі оқиғалар туралы хабарлауларға қатысты – Аккаунтағы баптауларды өзгерту (Әлеуметтік желі сайтындағы «Хабарландырулар мен хабарлаулар» бөліміндегі «Баптауларда», немесе мына сілтеме бойынша өтіп: https://ok.ru/settings/notifications, сондай-ақ Әлеуметтік желі Қолданбасындағы «Хабарландырулар мен хабарлаулар» бөліміндегі «Баптауларда»),
3) e-mail хабарларға қатысты – кез келген жарнамалық хаттың ішіндегі «Жазылымнан бас тарту» түймесін басу.

6.4.8. Әлеуметтік желіні пайдаланған кезде Лицензиаттарға олардың осы Келісімді сақтамауы туралы ескертпелер жасауға, ескертуге, хабарландыруға, ақпарат беруге. Әлеуметтік желіні пайдалану процесінде Лицензиатқа Лицензиармен берілген нұсқаулар Лицензиатпен орындалуға міндетті;

6.4.9. Әлеуметтік желіге қатысты өз зияткерлік құқықтарын қорғау үшін заңмен тыйым салынбаған шараларды қолдануға;

6.4.10. Лицензиаттарға Әлеуметтік желі Қолданбасында электрондық пошта, sms-таратылым, push-хабарландыру арқылы ақпараттық (сервистік) хабарлар (хабарландырулар) жіберуді, Әлеуметтік желі функционалын, web-браузерді пайдаланумен немесе өзге қолжетімді тәсілмен таратылымды жүзеге асыруға;

6.4.11. Лицензиатқа әлеуметтік желіде Лицензиатқа хабарламалар жіберу арқылы Лицензиаттың әлеуметтік желіде сатып алуы үшін (соның ішінде Сыйақыны төлеу кезінде) түбіртектерді жіберу.

6.5. Лицензиар Лицензиардың келісімімен Әлеуметтік желінің Қолданбасында Лицензиаттардың осындай Қолданбаларды пайдалануы кезінде орналастырылған Лицензиаттар мен үшінші тұлғалар арасында орын алатын даулар мен жанжалды жағдайларды қараумен және шешумен айналыспайды, алайда өз қарауы бойынша пайда болған жанжалдарды шешуге жәрдемдестік етуі мүмкін. Лицензиар басқа Лицензиаттан(-тардан) Лицензиаттың Әлеуметтік желідегі дұрыс емес немесе құқыққа қайшы мінез-құлқы жөнінде уәжделген шағымдар алған жағдайда осы Лицензиаттың Әлеуметтік желіге қолжетімділігін (Әлеуметтік желіні пайдалану құқығының қолданылуын) тоқтата тұруға, шектеуге немесе тоқтатуға құқылы.

6.6. Лицензиар өзіне келесі міндеттемелерді алады:

6.6.1. осы Келісімде мазмұндалған шарттар негізінде Лицензиатқа Әлеуметтік желіні пайдалану құқығын, оның ішінде осы Келісіммен белгіленген шекте белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқығын беруге;

6.6.2. Әлеуметтік желіде ақпарат немесе хабарлар таратылымын жариялау немесе Лицензиарға қолжетімді өзге тәсілмен Лицензиатты осы Келісімнің шарттарының өзгеруі туралы хабарландыруға.

7. Лицензиаттың құқықтары мен міндеттері

7.1. Лицензиат құқылы:

7.1.1. Аккаунты мен Дербес парақшасының баптауларын жүргізуге, Аккаунтқа қолжетімділік үшін құпиясөзді өзгертуге;

7.1.2. Лицензиаттың Аккаунтында өзі туралы ақпаратты салуға, фотосуреттер, күйлер қосуға, басқа Лицензиаттардың фотосуреттері мен күйлерін бағалауға және пікір қалдыруға;

7.1.3. өзге Лицензиаттарды Лицензиаттардың қоғамдастықтарында іздеуге, сондай-ақ ізделінетін Лицензиаттың өз Дербес парақшасында орналастырылған тиісті ақпараты бойынша іздеуге;

7.1.4. Лицензиат өзінің Дербес бетінде көрсеткен телефон нөмірі арқылы басқа Лицензиаттарға Дербес бетті ұсыну мүмкіндігінің реттеулерін өзгертуге;

7.1.5. жаңа қоғамдастықтар, топтар құруға және бұрыннан бар қоғамдастықтардың, топтардың құрамына кіруге, Әлеуметтік желі мен Қолданбаның функцияларын пайдалануға және оларда Әлеуметтік желінің тиісті бөлімінде қамтылған топтық мазмұнға қойылатын талаптарға сәйкес материалдарды орналастыруға;

7.1.6. Жеке хабарлар жіберуге және алуға, форумда хабарлар қосуға;

7.1.7. басқа Лицензиаттардың Дербес парақшаларында орналастырылатын фотосуреттерді модерациялауға. Бұл құқықты Аккаунттың тиісті баптауларын өзгерту жолымен модерацияға жазылған Лицензиаттар іске асыра алады;

7.1.8. белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын сатып алуға және бұл құқықтарды осы Келісімге сәйкес іске асыруға;

7.1.9. Әлеуметтік желіні пайдалануға қатысты өзге, Ресей Федерациясының заңнамасымен (қолданылатын заңнамасымен) немесе осы Келісіммен тыйым салынбаған әрекеттерді жүзеге асыруға.

7.1.10. Лицензиаттың мобильді құрылғысындағы Әлеуметтік желі қолданбасына Лицензиаттың деректеріне, атап айтқанда Лицензиаттың орналасқан жері Әлеуметтік желі қолданбасы туралы, сондай-ақ мобильдік құрылғыдағы телефон кітабындағы Лицензиаттың контактілері туралы (толық ақпарат ОК әлеуметтік желісінің Құпиялық саясатының 6.1.7.–6.1.8. тармағында) ақпаратқа, Лицензиатқа Әлеуметтік желіде жеке мақсаттары үшін телефон кітабын жүргізу мүмкіндігін беру үшін, сондай-ақ оған Әлеуметтік желідегі басқа Лицензиаттарды ұсыну үшін қол жеткізу мүмкіндігін беруге.

7.2. Лицензиат міндетті:

7.2.1. қандай да бір шектеулерсіз осы Келісімнің шарттарын сақтауға;

7.2.2. Әлеуметтік желіде тіркелу және Аккаунтты құру сәтінде дәйекті ақпаратты көрсетуге;

7.2.3. осы Келісімнің 4 бөлімінде белгіленген Әлеуметтік желіні пайдалану шектерінен аспауға;

7.2.4. басқа түрде Әлеуметтік желіге немесе оның қандай да бір элементтеріне қатысты Лицензиардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзбауға, оның ішінде, Лицензиаттың Лицензиардың жазбаша келісімінсіз Лицензиармен Әлеуметтік желіде орналастырылған материалдарды (мәтіндік, графикалық, аудио-бейне) көшіруге, трансляциялауға, таратуға, жариялауға және басқа түрде таратуға және жаңғыртуға құқығы жоқ;

7.2.5. Аккаунтының және Дербес парақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қолжетімділігіне жол бермейтін (оның ішінде, Лицензиаттың компьютерлік құрылғысы үшінші тұлғалармен қолданылуы мүмкін болғанда, және де cookies технологиясы пайдаланылғанда, құпиясөз браузерде сақталмауын қадағалауға) тиісті шараларды өз бетінше қолдануға;

7.2.6. Әлеуметтік желіні пайдалануға қатысты Лицензиардың нұсқауларын, оның ішінде Лицензиармен Лицензиатқа немесе Лицензиаттар тобына Әлеуметтік желіде, пайдаланушыларға (Лицензиаттарға) қолдау көрсету орталығында, Әлеуметтік желінің жаңалықтар бөлімінде, Лицензиардың форумында берілген нұсқауларын орындауға. Лицензиатпен осындай нұсқаулар орындалмаған жағдайда Лицензиар Лицензиатқа Әлеуметтік желіні пайдалану құқықтарын, оның ішінде белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқығын беруді тоқтата тұруға, шектеуге, тоқтатуға құқылы;

7.2.7. осы Келісімді жасасуға және орындауға қатысты Лицензиардың талабы бойынша тегі, аты, әкесінің аты және өзге деректерді қамтитын өз есептік деректерін растауға;

7.2.8. Лицензиаттан басқа өзге тұлғалар түсірілген фотосуреттерді олардың алдын ала келісімінсіз орналастырмауға, РФ АК 152.1 бабына. немесе қолданылатын заңнаманың өзге нормасына сәйкес осындай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда;

7.2.9. Лицензиатқа қатысты Әлеуметтік желіде қорлаушы, кемсітуші, беделін түсіруші және т.б. ретінде бағалануы мүмкін әрекеттердің барлық жағдайлары туралы Лицензиарды ескертуге;

7.2.10. ұқсас қоғамдастық болған жағдайда жаңа қоғамдастықтар құрмауға (мектеп, колледж, ЖОО, әскери бөлім, жұмыс орны, демалыс орны);

7.2.11. мерзімді түрде Интернет желісінде https://ok.ru/regulations мекенжайы бойынша осы Келісімнің мазмұнымен танысуға және оған енгізілген өзгерістерді қадағалауға;

7.2.12. осы Келісіммен көзделген және/немесе Әлеуметтік желінің тиісті бөлімдерінде орналастырылған өзге талаптарды сақтауға және өзге міндеттемелерді орындауға.

7.3. Лицензиат осы Келісімді жасасу үшін барлық қажетті өкілеттіктерге және әрекетке қабілеттікке ие екеніне кепілдік береді.

7.4. Лицензиатқа тыйым салынады:

7.4.1. Лицензиардың келісімінсіз Әлеуметтік желіден басқа Лицензиаттардың есептік деректерін және/немесе өзге ақпаратты жинауды жүзеге асыруға;

7.4.2. Әлеуметтік желіде орналастырылған ақпаратты жинау үшін кез келген автоматты немесе автоматтандырылған құралдарды пайдалануға;

7.4.3. әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни өшпенділікті және араздықты қоздыратын насихаттауға немесе үгіттеуге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік артықшылықты насихаттауға, қолданылатын заңнамамен таратуға тыйым салынған өзге ақпаратты таратуға;

7.4.4. егер Лицензиаттың осы ақпаратты ашуға заңның немесе шарттың күшіне байланысты жеткілікті құқықтары болмаса, үшінші тұлғалардың қолжетімділігі шектелген ақпаратын (құпия ақпаратты) Әлеуметтік желіде орналастыруға немесе Жеке хабарлар арқылы беруге;

7.4.5. Лицензиардың, Лицензиаттың және үшінші тұлғалардың авторлық және өзге айырықша құқықтардың нысаны болып табылатын Мазмұнын, олардың алдын ала рұқсатысыз Әлеуметтік желіде орналастыруға, жаңғыртуға, өңдеуге, таратуға, жариялауға, көпшілікке мәлімдеуге, беруге, сатуға немесе өзге тәсілмен тұтастай немесе бөлшектеп пайдалануға, осы Келісіммен, Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасымен (қолданылатын заңнамасымен) белгіленген жағдайларды, сондай-ақ құқық иесі өз Мазмұнын кез келген тұлғамен еркін пайдалануға айқын түрдегі келісімін білдірген жағдайларды қоспағанда. Әлеуметтік желіге музыка, бейне немесе басқа Мазмұнды жүктеу, оған қоса, Мазмұнды Әлеуметтік желіге басқа әдіспен орналастыру арқылы Лицензиат осыған қажетті барлық құқықтардың бар екенін, оның ішінде осындай жариялау құқық иелерінің және үшінші тараптың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын және келешекте бұзбайтынын барлығына айтып білдіру құқығы бар екенін, сондай-ақ, тиісті құқық иелері мен үшінші тараптан барлық қажетті рұқсаттар мен келісімдер тиісті түрде болғанын және нақты осы мақсатта алынғанын растайды. Егер Лицензиаттың Әлеуметтік желіде Мазмұнды орналастыруға қажетті құқықтары және/немесе құқық иесінің келісімі болмаса, оны жасауға тыйым салынады;

7.4.6. мазмұны басқа Лицензиаттар немесе өзге тұлғалар үшін қорлайтын болып табылатын немесе қорлайтын болып бағалануы мүмкін мәтіндік хабарларды, графикалық кескіндерді немесе өзге материалдарды, сондай-ақ Лицензиаттардың немесе өзге тұлғалардың беделін түсіретін, зорлыққа, құқыққа қайшы іс-қимылдарды, қоғамға қарсы, адамгершілікке жат қылықтарды жасауға шақыратын, сондай-ақ құқықтық тәртіп пен өнегелік негіздеріне қайшы келетін кез келген өзге әрекеттерді жасауға шақыратын хабарларды, кескіндерді немесе өзге материалдарды Әлеуметтік желіде орналастыруға (оның ішінде форумдарда, пікірлерде және/немесе күйлерде) немесе Жеке хабарлар арқылы жіберуге;

7.4.7. Әлеуметтік желіде азаматтың намысына, абыройына және іскерлік беделіне немесе ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін хабарларды, графикалық кескіндерді немесе өзге материалдарды (оның ішінде шындыққа сәйкес келмейтін) орналастыруға;

7.4.8. Әлеуметтік желіде құрамында балағат сөздерді және сөйлемдерді қамтитын хабарларды орналастыруға;

7.4.9. Әлеуметтік желіде кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін қамтитын материалдарды орналастыруға;

7.4.10. Әлеуметтік желіде суицидті насихаттайтын, суицид тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын және оны жасауға итермелейтін кез келген ақпаратты орналастыруға;

7.4.11. Әлеуметтік желіде оккульттік тақырыппен және қызметпен (сиқыршылық, бал ашу, сатанизм, дуалау, дуа оқу, дуагерлік, жоралар, болжаулар, емшілер мен балгерлердің қызметтері және т.б.) байланысты саудаға бағытталған ақпаратты және материалдарды орналастыруға;

7.4.12. Әлеуметтік желіде есірткі және психотроптық заттар туралы жарнаманы және өзге ақпаратты, оның ішінде есірткіні тарату туралы ақпаратты, оларды дайындау рецепттері мен тұтыну жөніндегі кеңестерді орналастыруға, сондай-ақ экстремисттік бағыттағы ақпаратты орналастыруға;

7.4.13. Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтарын бұзатын ақпаратты орналастыруға;

7.4.14. Әлеуметтік желіде қолданыстағы заңнамамен тыйым салынған кез келген ақпаратты орналастыруға;

7.4.15. Әлеуметтік желіде басқа Лицензиаттардың немесе өзге тұлғалардың дербес деректерін, оның ішінде байланыс деректерін олардың алдын ала келісімінсіз орналастыруға;

7.4.16. Аккаунтты тіркеу кезінде біле тұра жалған ақпаратты немесе бөтен деректерді көрсетуге немесе кейіннен енгізуге;

7.4.17. Әлеуметтік желіде өз фотосуреті ретінде олардың келісімінсіз басқа тұлғалардың суреттерін немесе осы суреттерді орналастырушы Лицензиаттың суреттері болып табылмайтын ойдан шығарылған кейіпкерлердің суреттерін, жануарлардың, заттардың суреттерін, абстрактілі суреттерді, сондай-ақ кез келген өзге графикалық суреттерді, осындай суреттердің құқық иелерінің (авторларының) тиісті келісімінсіз орналастыруға;

7.4.18. Лицензиаттың Аккаунтын бір топ тұлғалардың немесе ұйымның пайдалануы мақсатында тіркеуге, Аккаунт тек қана target.mail.ru жүйесі немесе Лицензиармен келісілген өзге ұқсас жарнамалық жүйелері арқылы Әлеуметтік желі топтарында жарнамаланатын жарнамалық материалдар мен өзге мәтіндік хабарларды орналастыру мақсатында тіркелген жағдайларды қоспағанда;

7.4.19. Лицензиаттың бірден көп Аккаунтын бір тұлғамен тіркеуге;

7.4.20. Әлеуметтік желінің қызмет етуін тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға, Әлеуметтік желіні басқаруға немесе оның жабық бөлімдеріне (оның ішінде қолжетімділік Лицензиарға ғана рұқсат етілген бөлімдерге) рұқсат етілмеген қол жеткізуге талпыныстар жасауға, сондай-ақ кез келген өзге ұқсас әрекеттерді жасауға;

7.4.21. өзге Лицензиаттардың Аккаунттарына құпиясөзді келтіру немесе енгізу жолымен рұқсат етілмеген қатынас жасауға, сондай-ақ осындай қол жеткізуге талпыныстар жасауға;

7.4.22. егер алушы Лицензиаттар осындай ақпаратты алуға өз келісімін бермесе, Жеке хабарларда, пікірлерде, форумдардағы хабарларда, Лицензиаттардың Дербес парақшаларында спамды – коммерциялық, саяси, жарнамалық және өзге ақпаратты (оның ішінде осындай ақпараты бар интернет-сайттарға немесе зиянды бағдарламалық жасақтаманы қамтитын интернет-сайттарға бағыттайтын гиперсілтемелерді) жаппай таратуға немесе осындай ақпаратты таратуға бағытталған өзге әрекеттерді жасауға;

7.4.23. Әлеуметтік желіні борышкерлерді іздеу мақсатында немесе осыған ұқсас басқа мақсаттарда пайдалануға;

7.4.24. Әлеуметтік желіде, оның ішінде топтарда, темекіні және темекі өнімдерін, дәрілік препараттарды, есірткі заттарын, күшті және алкоголі аз сусындарды ілгері жылжытуға, жарнамалауға және танымал етуге ықпал ететін ақпаратты орналастыруға;

7.4.25. Әлеуметтік желіде Лицензиардың пікірі бойынша Әлеуметтік желінің саясаты мен құрылу мақсаттарына сәйкес келмейтін өзге ақпаратты орналастыруға;

7.4.26. Әлеуметтік желінің функционалын Әлеуметтік желінің пәрмендеріне, скрипттеріне және/немесе қолданбаларына өзгертулер енгізетін бағдарламалық құралдарды қолдану жолымен пайдалануға.

8. Кепілдіктер мен жауапкершілік

8.1. Лицензиат оның ақпаратты, Мазмұнды, заңмен қорғалатын өзге зияткерлік қызмет нәтижелерін, олардың бөліктерін немесе көшірмелерін, сондай-ақ өзге материалды Әлеуметтік желіде орналастыруы немесе Жеке хабарлар арқылы беруі кімнің болсын құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынына кепілдік береді. Үшінші тұлғалардың ақпаратын және/немесе Мазмұнын орналастыруға қатысты осы Келісімнің шарттарын бұзуға байланысты үшінші тұлғалардан наразылықтар келіп түсуі жағдайында Лицензиар туындаған қайшылықтарды реттеу мақсатында заңмен рұқсат етілген шеңберде өзіне қоллжетімді Лицензиаттың байланыс ақпаратын наразылықтармен жүгінген тұлғаларға беруге құқылы.

8.2. Лицензиат Әлеуметтік желіде авторизация жасау үшін қолданылатын есептік деректердің (логин мен құпиясөздің) құпиялылығын қамтамасыз ету үшін және басқа тұлғалармен авторизация жасауға жол бермеу үшін тиісті шараларды қолдануға кепілдік береді.

8.3. Лицензиар Лицензиаттармен Жеке хабарлар арқылы жасалатын хат алмасудың құпиялылығын сақтайды.

8.4. Лицензиар Лицензиардың тарапынан Лицензиаттың Аккаунтында көрсетілген электрондық пошта мекенжайын және мобильдік телефон нөмірін Лицензиар Лицензиатпен хабарласу, Лицензиатқа хабарландырулар, хабарлар және sms-хабарлар жіберу, сондай-ақ Лицензиатқа, егер өзгесі ос Келісіммен немесе қолданыстағы заңнамамен көзделген болмаса, Әлеуметтік желінің функционалдық мүмкіндіктері арқылы білдірілуі мүмкін, Лицензиаттың келісімі бойынша Әлеуметтік желінің функцияларын беру үшін пайдалануға кепілдік береді.

8.5. Лицензиар Лицензиаттың Дербес парақшасының мазмұнын қалыптастыруға және оның Мазұнды жүктеуіне қатыспайды, Лицензиаттың әрекеттерін қадағаламайды, Сайт пен Әлеуметтік желінің ашық бөлімдеріндегі, Лицензиаттың Дербес парақшаларындағы ақпараттың автоматты түрдегі цензурасын, Жеке хабарлардың цензурасын жасамайды және жасауға техникалық мүмкіндігі жоқ және Лицензиаттың әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін жауапты емес.

8.6. Әлеуметтік желінің қызмет етуінің ерекшеліктеріне байланысты Лицензиар Лицензиат орналастыратын ақпарат пен Мазмұнның алдын ала модерациясын жасамайды және жасауға техникалық мүмкіндігі жоқ және оның мазмұны үшін жауапты емес.

8.7. Лицензиар Әлеуметтік желінің жұмысындағы ықтимал істен шығулар мен үзілістер үшін және олардың салдарынан ақпараттың жоғалуы үшін жауапты емес. Лицензиар Сайтты немесе Сайтта орналастырылған гиперсілтемелер бойынша қолжетімді сайттарды пайдаланудан туындаған немесе оған байланысты Лицензиаттың компьютеріне, мобильдік құрылғыларына, кез келген басқа жабдығына немесе бағдарламалық жасақтамасына келтірілген кез келген нұқсан үшін жауапты емес.

8.8. Лицензиар Лицензиаттың Аккаунтына үшінші тұлғалармен қолжетімділік құпиясөзін келтіру үшін және олармен Лицензиаттың Аккаунтын пайдаланумен кез келген әрекеттер жасауы үшін жауапты емес.

8.9. Үшінші тараптар Әлеуметтік желіге жарнамалық Контентті де жариялай алады. Лицензиар Лицензиардың ықтимал залал немесе нұқсан келтіруін ескертуіне немесе көрсетуіне қарамастан Лицензиат немесе өзге тұлғалар Әлеуметтік желіні пайдалану арқылы қолжетімділік алған Әлеуметтік желіні, онда орналастырылған Мазмұнды немесе өзге материалдарды пайдалануға қатысты туындаған кез келген залал, оның ішінде жоғалтылған пайда немесе нұқсан үшін жауапты емес.

8.10. Лицензиат оның Аккаунтын пайдаланумен жасалған құқыққа қайшы әрекеттер үшін, сондай-ақ оның Әлеуметтік желідегі Аккаунтын пайдаланумен, Лицензиаттың немесе басқа Лицензиаттардың Дербес парақшасында, форумдарда, пікірлерде және Әлеуметтік желінің және/немесе Сайттың өзге бөлімдерінде орналастырылған Мазмұнға қатысты жауапты.

8.11. Лицензиат Әлеуметтік желіде орналастыратын немесе Әлеуметтік желіде немесе ол арқылы басқаша түрде көпшілікке мәлімдеген кез келген Мазмұн немесе өзге ақпарат үшін дербес жауаптылыққа ие. Лицензиат Әлеуметтік желіде құқыққа қайшы орналастырылған Мазмұн мен ақпаратқа байланысты үшінші тұлғалардың наразылықтарын өз бетінше шешуге міндеттенеді.

8.12. Лицензиаттармен Жеке хабарларда жіберілетін, Лицензиаттардың Дербес парақшаларындағы форумдарда және т.б. орналастырылатын кез келген сайтқа, өнімге, қызметке, кез келген коммерциялық немесе коммерциялық емес сипаттағы ақпаратқа гиперсілтемелер Лицензиар тарапынан осы өнімдерді (қызметтерді) мақұлдау немесе ұсыну болып табылмайды. Лицензиар осындай гиперсілтемелер бойынша өту нәтижесінде Лицензиатқа келтірілген залал үшін жауапты емес.

8.13. Лицензиар Лицензиаттың немесе үшінші тұлғалардың Әлеуметтік желіні пайдалану кезіндегі ықтимал құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапты емес.

8.14. Лицензиар Лицензиаттың Әлеуметтік желіде жариялаған сөздері үшін жауапты емес. Лицензиар Лицензиаттың Әлеуметтік желідегі мінез-құлқы, басқа Лицензиаттарға құрметсіз қарауы үшін жауапты емес.

8.15. Лицензиар Лицензиаттың Әлеуметтік желідегі өз Аккаунтына қолжетімділік мүмкіндігін жоғалтуы (логинді, құпиясөзді, Аккаунтты немесе Дербес парақшаны пайдалану үшін қажет өзге ақпаратты жоғалтуы) үшін жауапты емес.

8.16. Лицензиар Лицензиаттың Аккаунтты немесе Дербес парақшасын жасау кезінде өз деректерін толық емес, дәл емес, түзу емес көрсетуі үшін жауапты емес.

8.17. Лицензиатпен Әлеуметтік желінің ойын Қолданбаларын пайдалану кезінде Лицензиар Лицензиатпен ойнау барысында осындай ойын Қолданбаларына қатысу нәтижесінде алынған ойын құндылықтарын жоғалтуы үшін жауапты емес.

8.18. Лицензиар Лицензиатта Интернетке қолжетімділіктің болмауы, Лицензиатпен Интернет желісіне қолжетімділік беру бойынша қызметтер беру туралы келісімдер жасалған Интернет желісі байланысы провайдерлерінің қызметтер сапасына жауапты емес.

8.19. Лицензиар Лицензиатпен Әлеуметтік желіні пайдалану барысында алынған, оның ішінде виртуалдық құндылықтарды, қолма-қол ақшаға немесе қолда жоқ ақшаға немесе Әлеуметтік желінің өзге құндылықтарына айырбастау жасамайды.

8.20. Лицензиар Лицензиатпен белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын сатып алуға қатысты, оның ішінде осы Келісімнің кез келген негіздер бойынша тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы жағдайында, егер қолданылатын заңнамамен өзгесі тікелей қарастырылмаса, Лицензиатқа шығындарын өтемейді.

8.21. Лицензиар төмендегілер нәтижесінде Лицензиаттың немесе өзге үшінші тұлғалардың тікелей немесе жанама залалы және жіберіп алған пайдасы орын алуы үшін жауапты емес:

8.21.1. Әлеуметтік желіні пайдалану немесе пайдаланудың мүмкін болмауы;

8.21.2. кез келген үшінші тұлғалардың Лицензиаттың жеке ақпаратына, оның ішінде Лицензиаттың Аккаунты мен Дербес парақшасына рұқсат етілмеген қолжетімділік;

8.21.3. кез келген үшінші тұлғаның Әлеуметтік желідегі мәлімдемесі немесе мінез-құлқы;

8.21.4. Аккаунттың, Мазмұнның жойылуы немесе Әлеуметтік желінің белгілі бір элементінің немесе Әлеуметтік желінің тұтастай қызмет етуінің тоқтауы;

8.22. Кез келген жағдайларда Лицензиардың Лицензиаттың алдындағы жауапкершілігі 3 000 (үш мың) рубль сомамен шектелген, сонымен бірге жоғалтылған пайда өтеуге жарамайды, егер өзгесі қолданылатын заңнамамен тікелей көзделген болмаса.

8.23. Лицензиар Лицензиатқа нәтижесінде Лицензиатқа Әлеуметтік желіні немесе оның жеке функцияларын/бөлімдерін/парақшаларын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерге арналған құқықтарын беруден бас тартылған Келісімнің шарттарын бұзуын куәландыратын қандай да бір дәлелдерді, құжаттарды және өзгені беруге міндетті емес.

8.24. Лицензиаттың Лицензиарға бағытталатын наразылықтары Аккаунттың нақты тұлғаға тиесілілігі анықталуы мүмкін болғанда қабылданады және қаралады. Ұқсас есептік деректері бар Аккаунттардың болу ықтималдығын назарға ала отырып, Лицензиар қай Аккаунтқа қатысты наразылық келіп түскенін анықтауға немесе Аккаунттың наразылықпен жүгінген тұлғаға тиесілігін анықтауға мүмкіндік беретін қосымша мәлімет пен ақпаратты беруді талап етуге құқылы, оның ішінде Лицензиаттың Аккаунтына қатысты.

8.25. Лицензиар Лицензиатқа үшінші тұлғалардың Қолданбаларын пайдалануға байланысты келтірілуі мүмкін Лицензиаттың денсаулығына ықтимал зиян келтірілу үшін жауапты емес. Лицензиат осы арқылы Қолданбалар түрлі дыбыстық және/немесе бейне әсерлерді қамтуы мүмкін, олар белгілі бір жағдайларда эпилепсиялық немесе жүйке сипатындағы өзге бұзылыстарға бейім тұлғаларда көрсетілген күйлердің асқынуын тудыруы мүмкін екені туралы хабарланды, және Лицензиат көрсетілген бұзылыстарға шалдықпағанына немесе Қолданбаларды пайдаланбауға міндеттенетініне кепілдік береді. Лицензиат осы арқылы дербес компьютердің алдында тұрақты ұзақ (үздіксіз) отыру дене қалпының түрлі асқынуларына, оның ішінде көру қабілетінің төмендеуіне, сколиозға, невроздардың түрлі нысандарына және ағзаға өзге жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін екені туралы хабарланды. Лицензиат Қолданбаларды тек ақылға қонымды уақыт ішінде, демалысқа немесе егер Лицензиатқа ұсынылған немесе тағайындалған болса, физикалық күйінің профилактикасы бойынша өзге шараларға үзілістер жасап, пайдалануға кепілдік береді.

8.26. Лицензиар Лицензиаттармен Әлеуметтік желіде қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін ақпаратты, оның ішінде төмендегілер арқылы, заңсыз орналастыру фактілерінің алдын алу және жол бермеу үшін шаралар кешенін қолданады:

8.26.1. осы Келісімге Лицензиаттармен Әлеуметтік желіде ақпаратты заңды бұзумен таратуға рұқсат етілмейтіні туралы ескертуді қосу;

8.26.2. Лицензиаттарға Әлеуметтік желінің интерфейсінде ақпаратты орналастыруы кезінде заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы арнайы еске салу;

8.26.3. Әлеуметтік желіде қолданыстағы заңнаманы бұзумен орналастырылған ақпаратқа Лицензиаттардың, мемлекеттік органдардың және өзге тұлғалардың шағымдарын өңдеу. Мұндай шағымдар оның ішінде «Шағымдану» түймесін пайдаланумен өтініш берудің арнайы нысандары арқылы, қолдау көрсету қызметіне жүгіну арқылы немесе Лицензиардың мекенжайы бойынша жазбаша түрде келіп түсуі мүмкін;

8.26.4. ұқсас тыйым салынған мазмұнды бүкіл оның көшірмелерімен бірге анықтауға, блоктауға және жоюға мүмкіндік беретін түрлі технологиялар мен алгоритмдерді пайдалану.

8.27. Заңға қайшы таратылатын Контентке қатысты шағым беру тәртібі ақпаратты «ОК» әлеуметтік желісінде заңға қайшы таратуға қатысты жолдамаларды қарастыру Ережелерінде берілген.

8.28. Лицензиат Әлеуметтік желіні пайдаланған кезде оған сілтеме беру арқылы YouTube сайтынан қосқан контентті әлеуметтік желіде көрсету үшін Лицензиар YouTube API протоколын пайдаланады. Лицензиат Әлеуметтік желіні пайдалану арқылы YouTube желісін пайдалану шарттарымен келіседі.

9. Белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтары

9.1. Келісімнің осы бөлімі Лицензиармен Лицензиатқа белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын беру тәртібі мен шарттарын реттейді.

9.2. Егер Лицензиармен өзгесі көзделмесе, Әлеуметтік желіде Әлеуметтік желінің функционалдық мүмкіндіктері аясында қолданылатын виртуалдық құндылықтар санын арттыруға мүмкіндік беретін белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын Лицензиар Лицензиаттың қалауы бойынша Лицензиатқа Сыйақыға береді. Сыйақыны енгізу мөлшері мен шарттары Лицензиармен өз бетінше белгіленеді және Лицензиатқа Әлеуметтік желінің функционалдық мүмкіндіктерімен шартталатын белгілі бір нәтижені алу үшін қажет деректер мен пәрмендердің көлеміне байланысты. Көрсетілген шарттар осы Келісімде және/немесе Әлеуметтік желінің тиісті бөлімдерінде қамтылған.

Белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтары Лицензиаттың Аккаунтында «Ок-лер» түріндегі виртуалдық құндылықтар көрсетілген сәттен бастап Лицензиармен беріледі. Осы сәттен бастап Лицензиат осы Келісімнің шарттарымен белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын «Ок-лер» түріндегі виртуалдық құндылықтардың тиісті санына сәйкес келетін көлемде алады. «Ок-лер» түріндегі виртуалдық құндылықтар Лицензиармен үшінші тұлғалардан (төлем жүйелерінен, операторлардан, төлемдер агрегаторларынан) төлем жасау (растау) туралы ақпарат алынғаннан кейін Лицензиаттың Аккаунтында көрсетіледі.

Белсенді етілмеген деректер мен пәрмендердің көлемінің «Ок-лер» түріндегі виртуалдық құндылықтардың санына сәйкестігі Лицензиармен белгіленеді. Сыйақы мөлшерінің «Ок-лер» түріндегі виртуалдық құндылықтардың санына сәйкестігі Лицензиармен белгіленеді.

Белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқығы Лицензиатқа осы Келісімнің қолданылу мерзіміне беріледі, егер осындай құқық Әлеуметтік желі ережелеріне сәйкес тоқтатылған болмаса.

Сыйақыны енгізу Лицензиатпен тиісті аумақтың валютасына сәйкес келетін, Әлеуметтік желімен белгіленген конвертация тәртібімен, ақшалай қаражатпен жасалады. Сыйақы мөлшері Лицензиармен белгіленеді және пайдалану құқығы Лицензиатқа берілетін белсендірілмеген деректер мен пәрмендердің көлеміне негізделеді.

«ОК-лер» түріндегі виртуалдық құндылықтардың Лицензиаттың Аккаунтында көрсетілу сәтінен бастап Лицензиат Лицензиардан осы құқықтар үшін төленген Сыйақыны қайтаруға талап етуге құқығы жоқ, егер өзгесі қолданылатын заңнамамен тікелей көзделген болмаса.

9.3. Сыйақыны енгізу Лицензиатпен ақшалай қаражатты сүйемелденетін төлем тәсілдері арқылы аудару жолымен жүргізіледі. Төлеу үшін қолжетімді тәсілдердің тізімі Әлеуметтік желінің тиісті бөлімдерінде келтірілген. Сыйақыны төлем жүйелері арқылы төлеу тәсілдері мен шарттары Лицензиармен Әлеуметтік желіде жарияланады: https://ok.ru/payment.

9.4. Сыйақыны төлеу кезінде Лицензиат төлеу тәртібі мен тәсілдері жөніндегі, оның ішінде хабарларды және қысқа мәтіндік хабарлар (SMS) нөмірлерін енгізу ережелері жөніндегі, бас және жол әріптерін, цифрлерді енгізу тәртібі мен енгізу тілін қоса алғанда, төлем нұсқаулықтарын ұстануға міндеттенеді. Лицензиатқа белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын беру қоса берілген төлем нұсқаулықтары мен шарттары орындалғанда қамтамасыз етіледі. Лицензиар Лицензиатпен төлем жүргізу шарттары орындалуының дұрыстығы үшін жауапты емес. Белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын төлеу үшін төлем жүйелерін пайдалану ережелері мен тәртібінің сұрақтары бойынша Лицензиатқа осындай төлем жүйелерін ұстаушыларға немесе төлем операторларына/агрегаторларына жүгіну қажет. Лицензиар Лицензиатқа осындай төлем жүйелерін пайдалану ережелеріне және тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша түсіндірмелер бермейді, сондай-ақ осындай құқықтарды төлем жүйелері, төлем операторлары, агрегаторлары арқылы сатып алу үшін төленген ақшалай қаражатты, егер олар осындай тұлғалармен белгіленген ережелерді бұзумен жасалып, нәтижесінде ақшалай қаражат Лицензиарға түспесе, Лицензиатқа осы ақшалай қаражатты өтемейді.

9.5. Лицензиатқа белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын беру тек Лицензиатпен осындай құқықтарды осы Келісімнің шарттарына сәйкес толық төлеу шартымен жүзеге асырылады, егер өзге тәртіп Келісімде қамтылмаса немесе Лицензиармен жеке белгіленбесе. Сонымен бірге пайдалану құқықтарын төлеу туралы растауды алуға дейін Лицензиар Лицензиатқа оларды бермеуге немесе шектелген көлемде беруге құқылы.

9.6. Егер техникалық қате, немесе Әлеуметтік желінің немесе кез келген оның элементінің істен шығуы, немесе Лицензиаттың саналы іс-қимылдары нәтижесінде онымен осы Келісіммен белгіленген тәртіпте пайдалану құқықтарын сатып алусыз белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерге қолжетімділік алынған жағдайда, Лицензиат осы факт туралы Лицензиарға хабарлауға және оған Сыйақы төлеуге, немесе алынған құқықтарды заңсыз пайдаланудың барлық салдарын жоюға міндеттенеді. Лицензиар Лицензиатты хабарландырусыз осындай салдарды өз бетінше жоюға құқылы.

9.7. Лицензиат Әлеуметтік желіні пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде оның Сыйақы төлегенін растайтын құжаттарды сақтауға және Лицензиардың сұрауы бойынша оған осындай құжаттарды, сондай-ақ Лицензиатпен осындай төлем жасаудың мән-жайы туралы ақпаратты беруге міндетті.

9.8. Белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдаланудың айырықша құқығы Лицензиарға тиесілі, осыған байланысты ешқандай үшінші тұлғалардың осындай деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын беру туралы ұсыныстары Лицензиатпен Лицензиардан түсетін ұсыныстар ретінде бағаланбайды.

Даулы, анық емес жағдайлардың орын алуы жағдайында, немесе Лицензиатқа белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқығын төлеуге қатысты үшінші тұлғалардың қандай да бір ұсыныстары бағытталғанда, немесе осындай хабарламалар мен ұсыныстар Интернет желісінде орналастырылғанда, Лицензиардың атынан Сайтта орналастырылғандарды қоспағанда, Лицензиат ол туралы дереу Лицензиарды хабарландыруға міндетті.

Егер Лицензиат осы ережені бұзып, осындай хабарламада көрсетілген деректемелерді пайдаланып, көрсетілген хабарлама бойынша төлем жүргізсе, Лицензиаттың Лицензиатта белсенді етілмеген деректер мен пәрмендердің жоқтығы жайындағы Лицензиарға наразылықтары қабылданбайды, және Лицензиар Лицензиаттың осындай жағдайларда жұмсаған ақшалай қаражатын Лицензиатқа өтемейді.

9.9. Егер Лицензиар Лицензиат үшінші тұлғалардан белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын алғанын анықтаған жағдайда, Лицензиар өз қарауы бойынша Лицензиаттың Әлеуметтік желіні пайдалану құқығын тоқтата тұруға, шектеуге немесе тоқтатуға құқылы.

9.10. Лицензиаттың белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын сатып алуы оны осы Келісімді сақтаудан және оған қатысты осы Келісімде көрсетілген кез келген шараларды қолданудан босатпайды, оның ішінде Әлеуметтік желіні пайдалану құқығын тоқтата тұру немесе тоқтатуды және/немесе Лицензиармен Лицензиаттың Аккаунтын жоюды қоса алғанда, егер өзгесі қолданылатын заңнамамен тікелей көзделген болмаса.

9.11. Лицензиат Лицензиарға РФ заңнамасын және/немесе Лицензиат азаматы болып табылатын өзге елдің заңнамасын және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбай, Сыйақыны төлеу үшін таңдалған қаражатты пайдалануға құқығы бар екеніне кепілдік береді. Лицензиар төлеу құралдарының операторларымен алынатын қосымша комиссиялар үшін және Лицензиатқа және/немесе үшінші тұлғаларға Лицензиатпен оған тиесілі емес төлем қаражатын пайдалану нәтижесінде келтірілген ықтимал залал үшін жауапты емес.

9.12. Лицензиар Лицензиаттың Сыйақы төлеу кезіндегі ықтимал құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапты емес. Егер Лицензиатпен заңға қайшы әрекеттер жасалуына күдік болса, Лицензиар мән-жайды анықтауға дейін біржақты тәртіппен Лицензиатқа қатысты белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы, егер өзгесі қолданылатын заңнамамен тікелей көзделген болмаса.

9.13. Егер Лицензиардың Лицензиат Сыйақыны төлеуге қатысты заңға қайшы әрекеттер жасайтынына күдігі болса, Лицензиар осы фактке тексеріс жүргізу үшін тиісті ақпаратты құқық қорғау органдарына беруге құқылы.

9.14. Лицензиатпен Сыйақыны банк картасы арқылы төлеу ерекшеліктері:

9.14.1. банк карталары бойынша операциялар картаны ұстаушымен немесе ол өкілеттік берен тұлғамен іске асырылады;

9.14.2. банк карталары бойынша операциялардың авторизациясы банкпен жасалады. Егер банкте операция алаяқтық сипатта екенін болжауға негіздері болса, банк осы операцияны жасаудан бас тартуға құқылы. Банк карталарымен алаяқтық операциялар жасау қылмыстық іс болып табылады;

9.14.3. банк карталарымен төлем төлеу кезінде алаяқтық жағдайларына жол бермеу үшін банк картасымен төленген төлемдер Лицензиармен қолда бар мүмкіндіктер шеңберінде тексерілуі мүмкін. Осындай төлемді жасаған картаны ұстаушы-Лицензиат, Лицензиардан келіп түскен сұрау бойынша, банк картасын заңды пайдалануды растау үшін Лицензиарға қажетті құжаттардың көшірмесін беруге міндетті. Төлем рәсімделген күннен бастап 14 күн ішінде Лицензиатпен сұратылған құжаттарды ұсынбау немесе олардың түпнұсқалылығында күмән болса, егер Лицензиармен өзге мерзім көрсетілмесе, соңғысы Лицензиатқа Әлеуметтік желіні, оның кез келген бөлігін/бөлімін және/немесе белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын тоқтата тұруға құқылы.

9.15. Лицензиат Әлеуметтік желі мен Қолданбалар құмарлық ойын, ақшаға ойнау, байқау, бәс тігу болып табылмайтынына келіседі, түсінеді және қабылдайды.

9.16. Белсенді етілмеген деректер мен пәрмендерді пайдалану құқықтарын сатып алу Лицензиаттың өз еркімен және қалауымен іске асыру болып табылады және Әлеуметтік желіні және оның негізгі функционалын пайдалану үшін қажетті немесе міндетті шарт болып табылмайды.

10. Келісімнің қолданылу аумағы мен мерзімі

10.1. Лицензиат Әлеуметтік желіні осы Келісімде сипатталған тәілдермен, Ресей Федерациясының барлық аумағында, сондай-ақ ол стандартты компьютер құралдарын, бағдарламаларын және құрылғыларын қолданумен қолжетімді өзге аумақтарда пайдалануға құқылы.

10.2. Осы Келісім Лицензиатпен оның шарттарын қабылдау уақытынан бастап қолданылады және 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде қолданылады.

10.3. Осы Келісімнің қолданылуы автоматты түрде әр келесі 1 (бір) жылға ұзартылады, егер Келісімнің көрсетілген қолдану мерзімі аяқталғанға дейін төмендегі оқиғалардың бірі орын алмаса:

10.3.1. Лицензиар осы Келісімнің Лицензиаттармен жаңа келісім жасасу қажеттілігі, Әлеуметтік желіні әкімшілендіру және қызмет көрсетуді тоқтату және оған қолжетімділікті тоқтату, Лицензиатқа қатысты осы Келісімді тоқтату (бұзу), немесе Лицензиатқа қатысты Әлеуметтік желіні пайдалануға қолжетімділікті тоқтату туралы ережелерін өзгерту туралы шешім қабылдады.

10.3.2. Лицензиат Әлеуметтік желіні пайдалануды тоқтату және осы Келісімді бұзу туралы шешімді қабылдады.

10.4. Лицензиар кез келген уақытта Лицензиатты хабарландырусыз және себептерді түсіндірусіз Әлеуметтік желіге қолжетімділікті және пайдалану мүмкіндігін дереу тоқтатумен және қандай да бір шығындарды, залалдарды өтеусіз немесе Келісім бойынша алғанды қайтарусыз, оның ішінде Әлеуметтік желінің жабылу жағдайларында, Лицензиатпен осы Келісімнің, қолданылатын заңнаманың шарттарын кез келген, оның ішінде бір мәрте бұзуы, сондай-ақ Лицензиармен Әлеуметтік желінің парақшаларында көрсетілген кез келген басқа жағдайларда, осы Келісімді біржақты соттан тыс тәртіппен тоқтатуға құқылы, егер өзгесі қолданылатын заңнамамен тікелей көзделген болмаса.

10.5. Лицензиар кез келген уақытта Лицензиатты хабарландырусыз және себептерді түсіндірусіз Әлеуметтік желіге қолжетімділікті және пайдалану мүмкіндігін тоқтатуға, қандай да бір шығындарды, залалдарды өтеусіз немесе Келісім бойынша алғанды қайтарусыз, оның ішінде Лицензиатпен осы Келісімнің, қолданылатын заңнаманың шарттарын кез келген, оның ішінде бір мәрте бұзуы жағдайында, Лицензиаттың Аккаунтын жоюға құқылы, егер өзгесі қолданылатын заңнамамен тікелей көзделген болмаса.

10.6. Лицензиат Әлеуметтік желінің элементін құрайтын және/немесе оның әкімшілендіруі және қызмет етуі үшін қолданылатын бағдарламалық жасақтамаға, оның құрамына кіретін аудиовизуалды бейнеленулерге, сондай-ақ Әлеуметтік желінің графикалық дизайнына, фотосуреттерге, анимацияларға, бейнесуреттерге, бейнеклиптерге, дыбыстық жазбаларға, дыбыстық әсерлерге, музыкаға, Әлеуметтік желі мен Әлеуметтік желі Қолданбаларының мәтіндік толтырылуын қоса алғанда, Әлеуметтік желіге Лицензиаттармен немесе үшінші тұлғалармен жүктелетін Мазмұнды қоспағанда, егер өзгесі Келісімде айқын түрде көрсетілмесе, барлық айырықша құқықтар немесе қажетті лицензиялар Лицензиарға тиесілі екеніне келіседі және толықтай мойындайды.

10.7. Осы Келісім Лицензиардан Лицензиатқа қандай да бір айырықша құқықтардан шегінуді немесе Әлеуметтік желінің кез келген құрауыштарына айырықша лицензия беруді көздемейді.

10.8. Егер Лицензиатқа оның мемлекетінің заңдарына сәйкес Интернет желісін немесе әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынса немесе өзге заңнамалық шектеулер болса, оның ішінде осындай бағдарламалық жасақтамаға рұқсат берудің жасы бойынша шектеулерді қоса алғанда, Лицензиаттың Әлеуметтік желіні пайдалануға құқығы жоқ. Осындай жағдайда Лицензиат өз мемлекетінің аумағында жергілікті заңнаманы бұзумен Әлеуметтік желіні пайдалану үшін өз бетінше жауапты болады.

11. Қорытынды ережелер

11.1. Осы Келісімді Лицензиар өзгерте алады. Келісімдегі Лицензиармен өз бетінше жүзеге асырылған кез келген өзгертулер осындай өзгерістер жарияланған күннен кейінгі күнде күшіне енеді. Лицензиат Келісімді өзгерістер енгізілуіне өз бетінше тексеруге міндеттенеді. Лицензиаттың Келісіммен және/немесе Келісімнің өзгертілген редакциясымен танысу бойынша әрекеттерді орындамауы Лицензиатпен өз міндеттемелерін орындамауға және Лицензиатпен осы Келісіммен белгіленген шектеулерді сақтамауына негіз бола алмайды. Осы Келісімнің шарттарына немесе оны пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін Лицензиатпен Әлеуметтік желіні нақты пайдалануы, Лицензиаттың жаңа шарттармен келісуін білдіреді.

11.2. Белгіленген тәртіппен қабылданған, сот шешімімен күшіне енген Келісімнің бір немесе бірнеше ережелерінің жарамсыздығы Тараптар үшін келісімнің тұтастай жарамсыздығына әкелмейді. Келісімнің бір немесе бірнеше ережелерінің белгіленген тәртіппен жарамсыз болып мойындалуы жағдайында Тараптар Келісім бойынша өзіне алынған міндеттемелерді Тараптармен Келісімді жасасу және/немесе келісілген өзгерту кезіндегі Тараптармен ұйғарылғанға барынша жақын тәсілмен орындауға міндеттенеді.

11.3. Осы Келісім мен Тараптардың осы Келісімді орындауға және Әлеуметтік желіні пайдалануға байланысты өзара қарым-қатынастары Ресей Федерациясының заңнамасымен реттеледі.

11.4. Осы Келісімді жасасу нысаны мен тәсіліне қатысты жария офертаны акцептеу жолымен шарт жасасу тәртібі мен шарттарын реттейтін РФ Азаматтық кодексінің («РФ АК») нормалары қолданылады.

11.5. Тараптардың осы келісім бойынша барлық даулары міндетті сотқа дейінгі (наразылықтық) тәртіпті пайдаланумен хат алмасу және келіссөздер жүргізу арқылы шешілуге жатады. Тараптар арасында екінші Тараппен жазбаша наразылықты алу сәтінен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда, дауды қарастыру кез келген мүдделі тараппен Лицензиардың орналасқан жері бойынша жалпы юрисдикция сотына берілуі тиіс (кез келген өзге сотпен істің соттылығын жоққа шығарумен), егер өзгесі қолданылатын заңнамамен тікелей көзделген болмаса.

11.6. Әлеуметтік желідегі Қолданбаның парақшасында әр тиісті Қолданбаның астында орналасқан Әлеуметтік желіде үшінші тұлғалармен әзірленген Қолданбаларды орналастыруға қатысты ұсыныстарды, наразылықтар мен дауларды қарау тәртібі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген Тәртіпке сәйкес Қолданбаны пайдалануға қатысты барлық өтініштер, арыздар, ұсыныстар, наразылықтар және өзге сұрауларды Лицензиат тиісті Қолданбаның Әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетілген байланыс деректерін пайдалана отырып, тікелей осы Қолданбаларды әзірлеушілерге бағыттайды.

11.7. Осы Келісімнің редакциясы Әлеуметтік желінің орналасу мекенжайы бойынша Интернет желісінде, тиісті бөлімде, Лицензиардың Қолданбаларында және Лицензиармен белгіленген және Лицензиатқа оның мазмұнымен танысуға мүмкіндік беретін өзге орындарда қолжетімді.

11.8. Келісімнің орындалуына қатысты мәселелер жөнінде Лицензиардың орналасқан мекенжайы бойынша жүгінуді өтінеміз: Ресей Федерациясы, 125167 Мәскеу қаласы, Ленинградский даңғылы, 39 үй, 79 құрылыс.

11.9. Лицензиаттың Әлеуметтік желіні пайдалануға және Келісімді орындауға байланысты барлық өтініштері Лицензиармен қолданыстағы заңнамамен көзделген мерзім ішінде қаралады.

30.12.2016 жылға сәйкес редакциясы
(10.04.2024 жылға сәйкес соңғы толықтыруларымен)